Сабырлылық пен ұстамдылық 5- сынып

Скачать файл



Мектеп: №1ОЖББМ
Күні:17.02.2016 жыл
Тақырып:«Сабырлылық пен ұстамдылық» № 22 сабақ
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: байсалдылық; ызақорлық, шыдамдылық
Мұғалiм:Губайдуллина А.Х
Сынып: 5 Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға өмір ағымында кездесетін әр-қилы сәтке сабырлылық пен ұстамдылық танытудың маңыздылығын айта отырып, «Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға қашанда адам болмысына байсалдылықтың үйлесімді қасиет екенін ұғындыру;
2. Ішкі сезім – толғаныстары мен көңіл күйді басқарып, ызақорлыққа жол бермей өз – өздерін қадағалай білуге үйрету;
3.Әрқашан мақсаттарына жету үшін шыдамдылықты басшылыққа алуға тәрбиелеу. Ресурстар
Әдістемелік құрал, оқулық, оқушы дәптері.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi
Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою»
-Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1…….2
— Рахмет.
(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру)
— Қандай күйде болдыңыздар?
— Жаттығу қалай әсер етті?
— Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

2. Үй тапсырмасын тексеру

№22 сабақ 77-78 бет, «Жан жарасы жазылмайды»аңыз әңгімесін оқып келу.

1) Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
2) Баласы әкесінің айтқанынан не түсінді?
3) «Ашуды ақылмен жеңу» дегенді қалай түсінесіңдер?
4)Әр нәрсенің байыбына барып, ақыл – ойға жүгіне отырып жасаған істеріңіз болды ма?
5) Сіздер үшін сабырлылық, ұстамдылық қасиеттері қандай рухани құндылық болып табылады?

3. Дәйексөз

Бақытты өмір — ой тыныштығынан басталады.
Марк Туллий Цицерон

1. Ойында тыныштық жоқ адам неге тап болады?
2. Қиын жағдайдан шығуға қандай күш көмектеседі?
3.Бақытты өмір неден тұрады екен ?
4.Адам бойында ішкі тыныштығын сақтау үшін мінезіндегі сабырлық қасиеті қалай әсер етеді?

4. Әңгiмелеу
Тыныштық жайлы аңыз

— Ұстаз, Тыныштықтың тамыры неде? – деп сұрайды оқушы.
— Тыныштықтың тамыры — қауіпсіздікте. Егер адам өлім мен аурудан қорықпаса, оның жаны тыныш — деп жауап береді Данышпан.
— Ұстаз, Тыныштықтың діңі неден тұрады? – деп саұрайды ақылды оқушы.
— Тыныштық діңі — бұл дұрыс ой мен қажетсіз құмарлықтан тазартылған әлемнің әсем көрінісінен тұрады, — дейді Данышпан.
— Ұстаз, ал Тыныштықтың бұтағы қайда таралады? – деп сұрайды сүйікті оқушысы.
— Тыныштық бұтағы рухани жақын адамдарға таралады, — дейді Данышпан. – Тыныштықпен өмір сүрген адам ғана Тыныш бола алады.

1.Тыныштық»ағашы»неден тұрады екен ?

2.Адамды әуреге салып, тыныштығын алатын не екен?
3.Өзіннің ішкі тыныштығынды орнату үшін, қандай қасиеттерге жүгіну керек?
4)Өз жүрек үндеріңізді тыңдай білесіздер ме?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сыныпты 3-топқа бөлу.
1.Жан тыныштығының формуласын құру.
ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ФОРМУЛАСЫ
ОҢ НИЕТ+ ЖАҚСЫ СӨЗ+ АДАЛ, ІЗГІ ІС = БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР.
БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР-ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ
2-топ
«Сабыр түбі-сары алтын» аңызды сахналау.
3-топ Өлеңді құрастыру.
Өз өзіңді ұстай біл төзімді бол
шыдамды бол
сабырлы да ұстамды бола білу

Қайырмасы

Шыдамдымыз, төзімдіміз
Жарасымды,тартымды, ұстамдымыз
———————————————-

5. Топпен ән айту.
«Көңілді күн» әнінің әуенімен
Сөзі: Мұғалім шығармашылығы және Шәкәрім өлеңінен үзінді
Әні: Ұ.Жолдасов
Өз — өзіңді ұстай біл, төзімді бол.
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол.
Тәртіпті де, ұстамды бола білу.
Сездіреді жүректің тыныштығын.
Қайырмасы:
Біз үйде де, далада сабырлымыз,
Тәртіптіміз, шыдамдымыз.
Аулада да, мектепте ұстамдымыз,
Сыпайымыз әр қашан!

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте сирек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
Қайырмасы:
6. Үй тапсырмасы. Кітаппен жұмыс
23- сабақ. «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» (аңыз әңгіме) 76-77 бет.
7. Соңғы тыныштық сәтi.
(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)
— Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол — жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Категория: Самопознание | Добавил: Хамитовна6685

Просмотров: 371 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0

Добавлять комментарии могут только зарегистрир

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № 137 мектеп

Мерзiмі: 10.02.2015ж 22 Тақырып: Сабырлық пен ұстамдылық

Құндылық: Дұрыс іс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, төзімділік, ізгілік

Мұғалiм: Батырбекова Асел Сынып: 5 «б» Оқушылар саны:14

Сабақ мақсаты: Окушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы дұрыс іс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік,төзімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, төзімділікке, ізгіліке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер, нақыл сөздер,бейне фильм, плакат)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

5 «Т»еске түсіріп, тәртіпке шақырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «Нұрға бөлену».

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

— Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

— Жаймен көздеріңді ашуға болады.

— Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына 77 бетегі №22 тақырыптағы аңыз әнгімелер берілген «Жан жарасы жазылмайды», «Сабыр түбі сары алтын»

Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1. Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

2. «Ашуды ақылға жеңгізе біл»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Екі патша неліктен келіспей қалды?

4. «Сабыр түбі сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Дәйексөз.

Сабырлы жетер мұратқа (халық мақалы)

Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Сабырлы дегенді қалай түсінесіңдер? Дәптерге жазып алады.

Сабырлық пен ұстамдылық – адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгімелеу.

Сабырлылық дәні

Аңыз әңгіме 

     Ертеде арабтық шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті.Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа ұшырайды.Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.

Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік,шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір мүсәпір екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі — зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара — пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.

Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай құаруланған бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.

Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.

Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.

Таң – тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.

Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.

Талқылануға берілген сұрақтар:

  1. Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?

  2. Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?

  3. Шыдамдылықтың арқасында қандай сый — сияпатқа ие болды?

  4. Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?

  5. Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға «Тәубеңе кел» видио ролик көрсетіледі.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топқа Сбырлық дегеніміз…….. ………………

2-топқа Ұстамдылық дегеніміз…………………….

1-топқа Ұстамдылық маған не үйретті

2-топқа Сабырлық маған не үйретті

Тақырыбында постер қорғау

Оқушылар өз ойларын жеткізеді.

6.Топпен ән айту

Сабырлыққа жетелеу.

Сабырлық жолын меңгерген

Жаны жайсаң жандардай

Іздену керек кез-келген

Игілік жолын тайсалмай

Сабыр түбі сары алтын

Төзіммен бойла тереңге

Алмайық оны жоғалтып

Табылад ол сенен, менен де.

Мінездің асыл төресі

Қөмкерілген көркеммен

Ізгіліктің кемесі

Сабырлықпен өлшенген.

  1. Үй тапсырмасы.

1. Корей ертегісі «Адал бала» -атты ертегіні оқып келу.Тақырып№23 : 81 бет.

  1. Дәптермен жұмыс №3 тапсырма ,ол 52 бет Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Сабыр» туралы мақалды оқуға болады.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышени

Бекітемін: Н. Бейсбаева

Мерзімі: 14.01.2017 ж. Пәні Өзін-өзі тану

Тақырып: «Адалдық адамдықтың белгісі»

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шынайылықпен жұмыс істеу, қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

  2. Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

  3. Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Сабақ барысын талқылау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру. №15 сабақтағы

С. Сейітовтың «Шындық шырайы» өлеңін жаттап келу тапсырылған.

-Шындық дегеніміз не?

-Өзің қаншалықты шыншылсың?

  1. Дәйек сөз.

«Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас»

А. Макаренко

(дәйексөзді дауыстап қыздарға содан соң ұлдарға оқыту, дәптерлеріне жаздыру).

-Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

-Адал болуға ұмтылу неге керек?

  1. Әңгімелеу.

Оқулықта берілген Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесін дауыстап әңгімелеп айтып беру.

…Қайдар машинадан түсіп, шалға сәлем берді. Мақыш одырая қарады да, танымаған адамдай, жымиып қолын созды .

-Әліксалам, балам! Түсің жылы екен, жақсылық іздеп жүрген бала емессің бе?

-Әрине ата, жақсылық іздеп келдім осы ауылға!

-Лебізің тәуір, сенейін балам, айтшы маған: өмірде не жақсы?деді Мақыш шегір көзін шақита қарап. Қайдарға бұл сұрақ ескі ауыз әдебиетінен алынған жасанды сұрақ сықылды көрінді. «Тегі, ақын болам деп, бола алмай қалған шал болып жүрмесін!».

-Өмірде жақсылық көп қой, ата! Қайсыбірін атай берейін.

-Олай емес, балам. Мен өмірбақи жақсылық іздеп келдім.

Я таптыңыз ба?

-Әлбетте. Таппасам, сұраймын ба? Қазіргі жастар нені жақсылық деп ұғады екен, білгім келеді. Әсіресе өзің сияқты оқыған, машина мінгендері.

-Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де болармыз.

-Я, балам ол ақиқат. Жақсылық аяқ астында оралып жүр, соны көрмейсіңдер. –Мақыш сөзін шұбырта, қисса оқиғандай, өзгеше мақалмен айтады. Шоқша бурыл сақалын тұтамай ұстап, «айтайын ба, айтпаймын ба?» дегендей барып сөзін аяқтады.-Дүниедегі жақсылық –адалдық деп білемін! Адалдық – өмірдің Темірқазығы. Бұрынғы заманда айдалада, қара түнде жолаушы жұлдызға қарап жол табатын еді, сол сияқты өмірдің Темірқазық жұлдызы-адалдық екен! Арамдық жақпайды. Түбінде сол алдыңнан бір шығады. Айтарым осы.

Мәтін бойынша сұрақтар

-Мақыш атай Қайдардан не деп сұрайды?

-Қайдардың жауабы қандай болды?

-Жақсылық дегеніміз не екен?

-Не себепті Мақыш атай «Адалдық-өмірдің Темірқазығы деді?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөліп

1топ «Адалдық»

2топ «Шындық» сөздеріне сөзжұмбақ құрау тапсырылады

  1. Топпен ән айту.

«Аман болсын адамдар»

Сөзі: О. Әубәкіров

Әні: Ә. Бейсеуов

1.Айналайын Адамдар,

Болашаққа аман бар!

Жұмыр жерде ғұмыр бар

Ғұмырлы бол, Адамдар!

Қайырмасы

Балдан тәтті балаң бар,

Бала баққан анаң бар.

Шошытпаңдар екеуін,

Айналайын Адамдар!

2. Айналайын Адамадар,

Келер күнге адал бар.

Бөбек өсіп келеді

Алды-артыңа қараңдар!

3.Сақ болыңдар, жараңдар,

Сақ болыңдар, ғаламдар.

Жер бетіне әлі де

Оқ қайнатқан адам бар.

  1. Бала үшін өлеңім,

Ана үшін өлеңім

Айналайын Адамдар,

Аман болсын бөбегің!!!

  1. Үй тапсырмасы. №16 сабақ. Жағдаяттарды талдау

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

Без рубрики

Добавить комментарий